Astana Open: Юлия Путинцева ширек финалға өтті

Путинцева ширек финалға шықты. Елордада теннистен халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық Юлия Путинцева бұл жолы Беларусь өкілі Вера Лапкомен кездесіп, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 6:3, 6:3. Енді Юлия ресейлік Анастасия Гасановамен кездеседі.