Давлатов – әлем чемпионатының жүлдегері

Головкин ғасыр бокшыларының қатарында. Британиялық «Daily Mail» басылымы 21 ғасырдағы үздік боксшылардың рейтингін жариялады. Жерлесіміз тізімде 10-тұр. Геннадий Головкин қазір IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Ал рейтингтің бірінші сатысына америкалық Флойд Мэйвезер жайғасты. Үздік үштікті Мэнни Пакьяо мен и Сауль Альварес түйіндеп тұр. 

Давлатов – әлем чемпионатының жүлдегері. Дәл қазір Италияда дюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні жеңіл және орта салмақтағы бәсекелер болды. 60 келіге дейінгілер арасында ел намысын қорғаған Шерзод Давлатов қола жүлдегер атанды. Ол жұбаныш белдесуінде ресейлік дзюдошыны ұтты. Ал қола жүлде үшін күресте өзбекстандық спортшыдан басым түсті. Алтын жүлде грузиялық Георгий Сардалашвилиге бұйырды. Ол финалда әзербайжандық Тұран Байрамовты жеңді. Әлем чемпионаты 11 қазанға дейін жалғасады. Осы аралықта ұлттық құраманың 10 өкілі татамиге шығып, Шерзодтың жеңіс жолын жалғастыруға тырысады.

ҮШ ҚЫЗЫМЫЗ ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАДЫ 

Үш қызымыз жүлдеге таласады. Дәл қазір Норвегияда күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні бозкілемге қыздар шықты. Әсіресе, 72 келіде ел намысын қорғаған Жәмиля Бақбергенова барлық қарсыласын ұтып, финалға жолдама алды. Енді ол бүгін жапониялық Масако Фуруитимен белдесіп, бас жүлдені сарапқа салады. Сәйкесінше қоржынға не алтын, не күміс түседі деген сөз. Тағы қос қызымыз қола жүлде үшін күреседі. Атап айтқанда, 57 келідегі Нилуфар Раимова мен 59 келідегі Диана Каюмова жұбаныш белдесулеріне қатысады.

Айта кетейік, бұған дейін еркін күрес шеберлерінің бәсекесі өтті және ұлттық құраманың жігіттері жүлдеге ілікпеді. Енді алдағы күндері жарыс алаңына классиктер шығады. Ослодағы дода 9 қазанға дейін жалғасады. 

«БАРЫС» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Барыс жеңіске жетті. Құрлықтық лига аясында елордалық клуб омбылық «Авангардпен»  жолыққан. Матч Нұр-Сұлтан қаласында өтті және алаң иелері есеп ашты. 35-ші минутта Никита Михайлис мергендігімен көзге түсті. Қонақтар қанша тырысқанымен таблодағы нәтиже өзгермеді. Қорытынды есеп: 1:0.

Айта кетейік, қазақстандық клуб осыған дейін қатарынан 3 рет есе жіберген. Соңғы матчта осы сәтсіздіктер сериясын үзді. Соның арқасында 14 ойында 12 ұпай жинап, Шығыс конференциясының 7-ші сатысына көтерілді. Юрий Михаилис баптайтын жігіттер кезекті кедесуін де елордада өткізеді. Бұл жолы Санкт-Петербор қаласының «СКА» командасы келеді.

 

Сондай-ақ...