470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жансель Дениз Черногориядағы рейтингілік турнирде топ жарды

  • 185
  • UPD: 14:44, 18.10.2021
Жансель Дениз Черногориядағы рейтингілік турнирде топ жарды olympic.kz

Черногория астанасы Подгорицада таеквондодан рейтингілік турнир аяқталып, қазақстандық Жансель Дениз алтын жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жансель турнирді екінші айналымнан басталды. Ол алдымен Молдова, кейін Бразилия спортшысын жеңген.

Ал финалда түркиялық Хури Куркуттан басым түсті.

Қола жүлдені Бразилия және Хорватия таеквондошылары иеленді.

Хабар 24 телеарнасы