Елордада көркем гимнастикадан ашық чемпионат аяқталды

Елордада көркем гимнастикадан ашық чемпионат өтті.

Спорттық шара Тәуелсіздік сарайында болды.

Айта кету керек, алып нысан спорттық мектеп қолданысына берілгеннен бері алғаш ауқымды жарысты қабылдады. Оған бас-аяғы 160-тан аса спортшы қатысты. Жарыс 2 күнге созылды және оның нәтижесінде қалалық құрама жасақталды. Яғни үздік өнер көрсеткендер және ерекше көзге түскендер енді алдағы республикалық және халықаралық додаларға қатысады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы спорттың дәл осы түрінен ел біріншіліктерінде үнемі жалпы есепте топ бастайды. Ал көркем гимнастика орталығына айналған «Тәуелсіздік сарайы» енді алдағы жылы республикалық чемпионатты қабылдамақ.