«Барыс» хоккейшілері «Йокерит» командасынан жеңілді

«Барыс» есе жіберді. Құрлықтық лига аясында елордалық клуб бұл жолы Хельсинки қаласының «Йокерит» командасымен кездесті.

Нұр-Сұлтанда өткен матч 1:4 есебімен аяқталды. Қонақтар ойын басынан басымдықты қолдарына алып, бірінші кезең соңына дейін екі шайба соқты. Ал екінші кезең ортасында 3:0 есебі тіркелді. «Барыс» сапынан Никита Михаилис мергендігімен көзге түсіп, есеп айырмасын қысқартқан. Бірақ кейін қарқынды үдетіп, таразы басын теңестіре алмады. Осылайша «Барыс» 2 ойыннан кейін 23 ұпай жинап, Шығыс Конференциясының 8-сатысына жайғасты. Ал финляндиялық клуб Батыс Конференциясының екінші сатысында. Юрий Михаилис баптайтын жігіттер келесі кездесуін тағы өз алаңында өткізеді. Ертең Челябі қаласының «Трактор» командасымен жолығады.