Жанқош Тұраров Нұр-Сұлтанда жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) келесі жекпе-жегін 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елордада өтетін бокс кешінде Жанқош Тұраров шаршы алаңға шығады. Әзірге қарсыласы белгісіз.

Бұл кеште одан бөлек Данияр Елеусінов, Иван Дычко, Ержан Зәлілов пен Ескендір Харсан жекпе-жек өткізеді.

Жанқош Тұраров шілдеде Солтүстік Ирландиянда британиялық Тайрон Маккеннамен (21-2-1, 6 КО) жұдырықтасуы қажет еді. Алайда жекпе-жек өтпей қалды.

Жаңқош кейінгі жекпе-жегін 2019 жылы 6 шілдеде өкізді. Сол күні кешке ол Нұр-Сұлтанда үшінші раундта аргентиналық Мауро Максимилиано Годойды (34-6-1, 17 КО) нокаутқа түсірді. Бұл жеңіс Жанқошқа WBO құрлықаралық чемпионы атағын әкелді.