ММА файтері жаттығу кезінде құздан құлап кетті

АСА лигасында өнер көрсеткен ММА файтері Матеуш Лазовски тауда болған қайғылы оқиғадан көз жұмды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 35 жастағы польшалық спортшы құздан құлап кеткен.

«Кеше болған қайғылы жағдай туралы естідік. ACA командасы толықтай Матеуш Лазовскидің отбасы мен туыстарына көңіл айтады. Жатқан жерің жайлы болсын», - деп жазыпты АСА баспасөз қызметі Instagram желісінде.

Лазовски алты жекпе-жек өткізген. Үшеуінде жеңіске жеткен - бір нокаут, екеуін төрешілер шешімімен. 2021 жылы қыркүйекте өткен соңғы айқасында Матеуш отандасы Патрик Дубиледен жеңілді.