Қоңқабаев кәсіпқой боксқа оралды

Ол 11 желтоқсан күні Алматыда өтетін жекпе-жек кешіне қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұл жөнінде жерлесіміздің өзі мәлемдеді. Қамшыбек бұл жолы британиялық Стивен Уордпен жолығады. Қарсыласы бүгінге дейін 12 кездесу өткізіп, 11-інде жеңіске жеткен. Ал Қамшыбектің көрсеткіші – 3 жекпе-жек, 3 жеңіс. Осы айқастың жеңімпазына бірінші ауыр салмақтағы WBA Gold чемпиондық белдігі табысталады.

Айта кетейік, Қамшыбек Токио олимпиадасынын кейін алғаш шаршы алаңға шыққалы тұр. Жазғы ойындарда ол жартылай финалға дейін жетіп, соңғы сында америкалық боксшыға есе жіберді. Одан кейін Серияда өткен әлем чемпионатына қатыспады. Бірақ ұлттық құрамадан кеткендігі жөнінде ресми мәлімдеген жоқ.