«Астана» Беларусь құрамасының қорғаушысын қатарға қосты

Елорданың «Астана» клубы 31 жастағы белорус қорғаушысы Артем Рахмановпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды vesti.kz Transfermarkt порталына сілтеме жасап.

Келісімшарт «1+1» схемасы бойынша жасалған.

Артем Рахманов орталық қорғаушы шебінде ойнайды, ал бойы – 195 см. Ол Эстонияның «Левадия», Молдованың «Милсами», Украинаның «Черноморец», Польшаның «Раков» пен Швецияның «Эскильстун» клубтарында доп тепті.

Ал өз елінде «Минск», «Славия», «Неман», «Ислочь» және «Рух» командаларының намысын қорғады.

Өткен жылы ол 23 матч өткізіп, 2 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.

Рахманов Беларусь құрамасында 2 ойынға қатысқан.