ЕУРО 2022: ширек финалға шыққандар белгілі болды 

Олар Испания, Португалия, Ресей және Украина құрамалары, деп хабарлайды «Хабар 24».

Плей-офф кезеңіндегі соңғы ойын Испания мен Словакия арасында өтті. Испандықтар ойынның оныншы минутында-ақ Словактардың қақпасына екі гол соғып, басымдықтарын дәлелдеді. Қорытынды есеп 5:1 мен аяқталды. Енді жартылай финалда Испания - Португалиямен, Украина - Ресеймен кездеседі. Ойындар 4 ақпанға жоспарланған.

БОҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ КАПИТАНЫ КӘСІПҚОЙ БОКСҚА АУЫСТЫ

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой боксқа ауысты. Ол отандық промоутерлік компаниялардың бірімен келісімшарт жасасқан. Қазір елордада жаттығуға кірісті. 69 келіде жұдырықтасатын Абылайхан Жүсіп әуесқой бокстан үш мәрте әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері және жастар арасындағы әлем біріншілігінің чемпионы атанған. 25 жастағы спортшының бұған дейін Атырауда өткен кәсіпқой бокс кешінде жұдырықтасқан еді.

БІРЖАН ОРАЗОВ КӘРІ ҚҰРЛЫҚҚА КЕТУІ МҮМКІН

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразов еуропалық клубқа ауысуы мүмкін. Нидерланда өтіп жатқан Еуропа чемпионаттағы 4 кездесуде 7 гол соққан жерлесіміз шет елдік мамандардың назарына іліккен. Спорт сарапшыларының айтуынша, Оразов әмбебап ойыншы. Шабуылда да, қорғаныста да өзін жақсы ұстайды. Айта кету керек, отандасымыз да мүмкіндік берілсе, шет елдік клубта ойнауға ниетті екенін айтқан болатын.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕННИСШІ ФРАНЦИЯДА ӨТІП ЖАТҚАН ТУРНИРДІҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ӨТТІ

Отандасымыз Александр Бублик алғашқы кездесуді голландиялық Таллон Грикспурға қарсы өткізген. Ойын бір сағат 47 минутқа созылды. Бағы мен бабы қатар шапқан Бублик бұл кездесуде қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Ойын барысында ол 20 эйс жасаған. Енді екінші кезеңде Александр Бублик франциялық Пьер-Юг Эрбермен кездеседі.