Бейжің-2022: тау шаңғышыларының жарысы кейінге шегерілді  

Бейжің Олимпиадасында ерлер арасындағы тау шаңғышыларының алғашқы жарысы кейінге шегерілді. Бұған желдің күшеюі себеп болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олимпиада ойындары ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, бәсеке ертең өтуге тиіс. Жалпы Бейжіңде тау шаңғышылары «құлдилап түс», «комбинация», «супергигант», «алып слалом» және «жай слалом» сияқты 5 түрден ерлер мен әйелдер санаты бойынша әрі топтық сайысқа түседі.