Қазақстандық Дмитрий Морозов масс-старттың финалына шыға алмады  

 

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден ерлер арасындағы масс-старттың жартылай финалы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жарысқа Қазақстан атынан қатысқан жалғыз спортшы Дмитрий Морозов 10-орын алып, финалға шыға алмады. Финалға әр жартылайфиналдық топтан үздік сегіз спортшы өткен. 

Морозов қатысқан топта норвегиялық Кристиан Улеклейв 60 спринтерлік ұпаймен топ жарды. 

Фото: Владислав Семенов, ҰОК