Жансель Дениз Ирандағы рейтингілік турнирде күміс жүлде еншіледі

Бұл күндері Иран астанасы Тегеранда таеквондодан Fajr Open рейтингілік турнирі өтіп жатыр. Бірінші жарыс күнінде спортшыдар төрт салмақта сынға түсті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан сапынан Жансель Дениз бен Әмина Нұрғазықызы жүлдеге ілікті. Жансель 73 келіге дейінгі салмақта күміс медаль иеленсе, Әмина 62 келіге дейінгі салмақта қола жүлде тағынды.

Бүгін қыздар арасында 49, 57, 67, 73 салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. 

Турнир 9 наурызға дейін жалғасады.