Әлем чемпионаты: қазақстандық таеквондошылар екі күміс пен бір қола еншіледі

Қазақстанның жастар құрамасы әлем чемпионатында екі күміс пен бір қола медаль еншіледі, деп жазады kaztkd.kz.

Софияда дүбірлі доданың екінші күні мәресіне жетті. Жерлестеріміздің арасынан Әсет Ізғалиев (48 кг), Айдана Сүндетбай (46 кг) мен Тамерлан Тілеулес (51 кг) ерекшеленді.

Айдана Сүндетбай финалда оңтүстіккореялық Юнсео Кимге есе жіберсе, Тамерлан Тілеулес те алтын үшін таласта Оңтүстік Корея өкілі Х.Янгтен айласын асыра алмады.

48 кг салмақтың жартылай финалында Әсет Ізғалиевке ирандық А.Занди тосқауыл болды.

Осылайша әзірге жастарымыздың қоржынында екі күміс пен бір қола медаль бар.