Дамир Исмағұлов UFC аясындағы келесі жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

Ресейдің атынан өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Дамир Исмағұлов ММА әлеміндегі жетекші промоушен – Ultimate Fighting Championship (UFC) аясында өтетін кезекті жекпе-жегін мәлімдемеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Айқас болатын күн мен қарсылас белгілі. Алда қиын жұмыс. Барлығын жақын арада жариялаймыз», – деп жазды 31 жастағы спортшы Instagram парақшасында.

Еске салайық, Дамир Исмағұлов бұған дейінгі жекпе-жегін 2021 жылы 22 мамырда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткізіп, бразилиялық Рафаэль Алвесті ұтты.