Қазақстандық жас шахматшы әлем чемпионы атанды

Қазақстандық шахматшы Қазыбек Нөгербек 18 жасқа дейінгілер арасында рапидтен әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы орталық шахмат клубы мәлімдеді.

«Жаңа ғана World Youth Rapid Championships - 2022 Open under 18 турнирінің соңғы туры аяқталды, онда біздің түлегіміз Нөгербек Қазыбек 1-орынға ие болып, рапидтен 18 жасқа дейінгі әлем чемпионы атанды. Қазыбекті құттықтап, алдағы блиц-турнирде сәттілік тілейміз!», – деп жазылған хабарламада.