«Челси» футбол клубы сатылады

«Челси» ағылшын клубы сатылатын болды. Оны американдық бизнесмен Тодд Боэлидің консорциумы алады.

Бұл шешімді ағылшын премьер-лигасы мақұлдады. Бірақ түпкілікті сатылым Британия үкіметінің тиісті лицензияны беруіне және келісімнің соңғы кезеңіндегі шарттарға байланысты болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, әзірге «Челсидің» қожайыны ресейлік миллиардер Роман Абрамович. Ресей Украина аумағына басып кіргеннен кейін бизнесменнің активтері бұғатталған. Клубты сатудан түскен табыс қайырылымдылық қорына аударылуға тиіс деген талап бар.

Сондай-ақ...