Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық Александр Бублик жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық теннисші аустралиялық Танаси Коккинакиспен бірге бастапқы кездесуін америкалық Натаниэль Ламмонс - поляк Камиль Майхшакпен өткізді. Қазақстандық-аустралиялық жұп бірінші партияда брейк жасап, сол басымдылықты сақтады - 7:5. Екінші сетте де тағы бір брейкпен матчты аяқтайтындай мүмкіндіктері болды. Дегенмен қарсыластары таразы басын теңестірді. Тай-брейкте Бублик пен Коккинакис жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:5). Сағат жарым уақытқа созылған матчта Бублик пен Коккинакис 11 эйс жасады.

Енді олар екінші айналымда италиялықтар Симоне Болелли - Фабио Фоньини немесе мажарстандық Мартон Фучович - америкалық Фрэнсис Тиафо жұптарының қай жеңгенімен кездеседі.