«Қайрат» ФК бас бапкері тағайындалды

Енді алматылық команданы Кирилл Кекер жаттықтырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін ол «Қайраттың» жастар құрамасымен жұмыс істеп, жақсы нәтиже көрсеткен. 2020 жылы «Қайрат» Қазақстан чемпионы атанғанда Кекер бас бапкердің көмекші қызметін атқарған. Сондықтан ол академиядағы ең табысты мамандарының бірі саналады. Биыл қаңтарда Кирилл Кекер «Қайрат-Мәскеу» футбол клубының бас жаттықтырушы ретінде таныстырылды. Чемпионат аяқталуына бір тур қалғанда ол команданы 5-орынға көтерді. Айта кетейік, алматылық клуб бұрынғы бас бапкер Құрбан Бердиевпен арадағы келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатты.