Шайбалы хоккей: тамыз айында елордада Президент кубогі өтеді

Шайбалы хоккейден Президент кубогіне биыл қандай командалардың қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚазАқпарат.

Аталған турнир Құрлықтық хоккей лигасы турниріне дайындық ретінде жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Биыл турнирге Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Автомобилист» (Екатеринбург), «Металлург» (Магнитогорск) және Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командалары қатысады. Жарыс биыл 16 және 19 тамыз аралығында елордада болады. Еске салсақ, бұдан бұрын «Барысқа» жаңа бас бапкер келді .