Роман Савченко «Барыс» клубынан кетті

Роман Савченко 11 маусымнан соң «Барыс» клубынан кетті.

Тараптар еңбек келісімін созбау туралы шешім қабылдаған.

Хоккейші ҚХЛ-де жалпы алғанда 11 маусымды елорда клубының сапында өткізген. Одан қалды ол «Сибирь» мен «Локомотивте» ойнаған.

Қазақстан құрамасының қатарында қорғаушы бес жылда 29 ойынға қатысқан.

Ал «Барыста» Савченко 525 матч өткізіп, 142 ұпай жинады (51+91).

Сондай-ақ...