Қазақстандық таэквондошылар әлем чемпионатының жеңіс тұғырына көтерілді

Жасөспірімдер арасындағы дүбірлі доданы дәл қазір Болгария астанасы София қаласы қабылдап жатыр. Жарыстың алғашқы күндері жеңіл салмақтағы бәсекелер өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде ұлттық құрамадағы Тілеулес Тамерлан  5 қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, финалға жолдама алды. Бірақ, соңғы сында есе жіберіп, күміс жүлегер атанды. Кейін қыздар арасында Айдана Сүндетбай да дәл осындай жетістікке жетті. Ал, 48 келіде сынға түскен Әсет Изғалиев қола жүлде еншіледі.

Айта кетейік, қазақстандық спортшылар әлем чемпионатынан ең соңғы рет 2014 жылы медаль алып еді. Араға осынша уқаыт салып Нұрболат Жаңбыров баптайтын қыз-жігіттер олқылықтың орнын толтырды және қоржындағы мендальдар саны арта түсуі мүмкін. Өйткені айтулы аламанға 20 спортшымыз аттанды. Яғни, ұлдар арасында 10, қыздар арасында 10 салмақта сынға түседі.

ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ШИРЕК ФИНАЛДА

Тарихи нәтиже. Қазақстан құрамасы алғаш рет теннистен  әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Жасөспірімдер арасындағы жарыс Чехияның Простеев қаласында өтіп жатыр. Топтық кезеңнің соңғы, яғни, үшінші матчында жерлестеріміз қазіргі әлем чемпионы – Италия құрамасын жеңді. Кортқа алғашқы болып Даниэль Тазабеков шыққан еді. Ол италиялық Сальваторе Тартальонамен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп:   6:0, 6:3. Артынша Заңғар Нұрланұлы тағы бір италиялық Антонио Марильянодан басым болды.Спорт мамандары бұған сенсациялық жюеңіс жеген баға беріп жатыр. Айта кетейіңк, осының  алтында ұлттық құрама 2016 жылғы әлем чемпионы Аргентина теннисшілерін де да жеңген еді.  Енді қазақстандық спортшылар бүгін Словения құрамасымен жолығып, жартылай фниал жолдамасын сарапқа салады. Матч елорда уақытымен 14:00 де басталады.

ҚОРЖЫНЫМЫЗДА 11 МЕДАЛЬ

Алматы облысында стенд атудан Азия чемпионаты және рейтингілік гран-при өтіп жатыр. Оған 16 елден 300-ге жуық спортшы жиналды.Бүгінге дейін стэнд атудың трап түрі бойынша бәсекелер өтті және жерлестеріміз арасынан Сәрсенкүл Рысбекова қола , ал, жасөспірімдер арасында Максим Бедарев күміс жүлде еншіледі. Жекелей сында қазақстандық Наргиза Сарманова мен Анастасия Прилепина да жеңіс тұғырына көтерілді. Ал, Жасөспірімдер арасындағы командалық сында біздің спортшылар чемпион атанды. «Трап\микс» аралас жаттығуында Мария Дмитриенко мен Виктор Хасянов жұбы күміс,  жасөспірімдер арасында Анастасия Прилепина мен Богдан Конченко алтын жеңіп алды. Алматы обылсындағы  жарыстар 9-шы тамызға дейін жалғасады.

Олег Почивалов,  Қазақстан спорттық ату федерациясының бас хатшысы:

- Осындай деңгейдегі жарыстарды елімізде көбірек өткізуге тырысамыз. Тіпті, алдағы уақытты лицензиялық турнирді де қабылдағымыз келеді.  Өйткені, осы арқылы өз спортшыларымыз жетіліп, әлемдік және олимпиадалық ойындарда жүлдеге іліге алады. Нәтижесін көрдіңіздер. Ұлттық құрама мүшелері шетінен жүлдегер атанып жатыр. Алдағы күндері қоржындағы медальдар еселеп артады деп үміттенемін.