Қазақстандық спортшы Eagle Fighting Championship жеңімпазы атанды

Аралас жекпе-жек кеші елордада өтті. Ең басты кездесу жергілікті Дияр Нұрғожай мен ресейлік Константин Андрейцев арасында болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жартылай ауыр салмақтағы айқас 5 раундқа созылды және төрешілер шешімімен жерлесіміз жеңіске жетті. Айта кету керек, Дияр қазақстандық спортшылар арасынан алғаш боп чемпиондық белдікке қол жеткізді.  Бұған қоса, осы кеш аясында тағы 5 отандасымыз бағын сынады. Әсіресе, жеңіл салмақтағы Сәбит Жүсіпов тәжікстандық спортшыны ұтса, жартылай жеңіл салмқатағы Жасұлан Әкімжан ресейлік споршыдан басым түсті. Қос кездесу де уақытнан бұрын аяқталды. Бұған қоса, жеңіл сақматағы Әли Қабдолла мен Санжар Әділов те ресейлік қарсыластарын жеңіп, жеке рейтингтерін жақсартты. Жеңіл салмақтағы тағы бір жерлесіміз Максим Коновалов ресейлік аралас жекпе-жек шеберіне есе жіберді. Айта кетейік, кешке лиганың негізін салушы Хабиб Нұрмағамбетов қатысты және дәл осы айқас алаңы қазақ жігіттері үшін UFC ұйымына шығатын баспалдақ саналады.

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ОТАНДАСТАРЫМЫЗ ЖҮЛДЕГЕ ІЛІКТІ 

Қоржынымызда тағы 3 медаль. Болгария астанасы София қаласында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемппионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні грек-рим күресінің шеберлері бозкілемге шықты. Қазақстандық спортшылар арасынан ауыр саллмақтағы Юсуф Мациев финалға дейін жетіп, соңғы белдесуде ирандық палуанға есе жіберді. Айта кету керек, Юсуф жекпе-жек басында 4:0 есбемен алға шыққан. Бірақ, қарсыласы ұтымды әдістер қолданып, қортынды есепті 4:9-ға жеткізді. Осылайша қазақстандық палуан күміс жүлдегер атанды. Бұған қоса, 67 келіде Дінмұхаммед Қошқар мен 87 келідегі Мақсат Сайлау да жеңіс тұғырына көтерілді. Олар қола жүлде еншіледі. Айта кетейік, бұған дейін еркін күрес және әйелдер күресінен де жерлестеріміз жақсы өнер көрсетіп, бірнеше мәрте күміс және қола жүлдегер атанған болатын.

«АҚТӨБЕ» ТОП БАСЫНА ШЫҚТЫ  

«Ақтөбе» топ басына шықты. 2 айлық үзілістен кейін футболдан Қазақстан премьер лигасы қайта жанданды. Кезекті, яғни, 13-ші тур аясында «Ақтөбе» «Ордабасы» командасымепн жолықты. Ақтөбе қаласында өткен матчта алаң иелері есеп ашты. 1-ші минутта бразилиялық Дос Сантос Алвеш мергендігімен көзге түсті.

Матч соңына дейін Ақтөбе ойыншылары тағы 2 гол соқты. Бұл жолы Дос СантосАлвеш пен Уго Видемон мүмкіндіктерін мүлт жібермеді. Соның арқасында «Ақтөбе»  кезекті 3 ұпайға қол жеткізіп, турнир тізімінің бірінші сатысына жайғасты. Екінші орында «Астана» тұр. Елордалық клуб күні кеше Қызылжар командасымен кездесіп, 1:0 есебмен жеңіске жетті. Ал, алдыңғы 5-тікке кірген

Тобыл өз алаңында Таразбен тең түссе, алматылық Қайрат павлодарлық Ақсуды жеңді. қорытынды есеп: 2:1.  