Қазақстандық жасөспірім аралас жекпе-жектен әлем чемпионы атанды

Тарихи жеңіс. Қазақстандық Шыңғыс Жүсіпов әлем чемпионатында топ жарды.

Аралас жекпе-жектен жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода Абу-Даби қаласында өтті. Оған бас-аяғы 20 елдің спортшылары жиналды. Шыңғыс чемпионат аясында 6 кездесу өткізіп, оның 5-еуін уақытынан бұрын аяқтады. Соңғы сында да ғана жекпе-жек соңына дейін созылып, нәтижесі төрешілер шешімімен анықталды. Айта кетейік, Шыңғыс Жүсіпов қазақстандық спортшылар арасынан алғаш боп ММА-ден жасөспірімдердің әлем чемпионатының жеңімпазы атанып отыр.