Елордада шахматтан әйелдер арасында халықаралық федерациясының Гран-приі жалғасып жатыр

Жансая жеңілді, Бибісара тең түсті. Елордада шахматтан әйелдер арасында халықаралық федерациясының Гран-приі жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыстың кезекті, яғни 7-ші күні ұлттық құрама сапындағы Бибісара Асаубаева ресейлік Полина Шуваловамен жолығып, өзара мықтыны анықтай алмады. Нәтижесінде қос шахматшы 0,5 ұпайдан иеленді. Ал Жансая Әбдімәлік тағы бір ресейлік Александра Костенюкпен кездесіп, қарсыласына есе жіберді.

Кезең қорытындысы бойынша Бибісара 1 жеңіс, 1 жеңіліс және 5 тең ойынмен турнир тізімінің 7-ші сатысына жайғасты. Жансая 1 саты төмен тұр. Өйткені ол 2 рет жеңілді. Бұған қоса, 4 рет тең ойнады. Алда әлі 4 тур бар. Астанадағы жарыс 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Ал оның жалпы жүлде қоры 80 мың еуроны құрайды.