Е. Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын ұтты

Е. Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын ұтты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open жарысында әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті ұтып, ширек финалға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаһандық рейтинге 25-ші орында тұрған отандасымыз польшалық қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен қапы қалдырды. Бұл ойын 1 сағат 29 минутқа созылды. Рыбакина 6 рет эйс жасап, 4 рет брейк-пойнтты сәтті орындаған. Енді жартылай финалға берілетін жолдаманы отандасымыз америкалық спортшы Кори Гоффпен немесе латвиялық теннисші Елена Остапенкомен сарапқа салатын болады.