389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO 2017: көрме қонақтарының саны артты

  • 486

ЕХРО халықаралық көрмесі ашылғалы мұнда 2 млн 800 мың адам келіп үлгерді.

Ал өткен аптада қонақтар саны 345 мыңға жетті. Бұған дейінгі көрсеткіштермен салыстырғанда бұл 14 мыңға артық. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне үңілсек, Африка плазасы, Мысыр, Түркия, Таиланд және Әзербайжан елдерінің павильондарына адам көп барады. Сондай-ақ қонақтар «Нұр Әлем», балалар лабораториясы мен коммерциялық павильондарға қызығушылық танытқан. Амфитеатр, Дю солей циркі, өнер орталығы мен шығармашылық энергия аймағы да келушілер назарынан тыс қалған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы