Талдау. Ядролық қарусыз әлем

Атом бомбасының қасіретін тартқан жер бетінде екі халық болса, қазақ соның біреуі. 1949 жылдың 29 тамызынан бастап Семей жерінде табандай 40 жыл  600-ге тарта сынақта 600-ден астам ядролық қару іске қосылған. Сыналған атом Хиросима қаласына түскеннен 2,5 мың есе артық болған деседі кейбір деректер. Тек 1989 жылдан бастап сол кездегі билік алдына сынақты тоқтату жөнінде мәселе қойылды. Осылайша 1991 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Семей полигоны жабылды. Қазақстанның ең мықты қарудан бас тартуы түсінгенге үлгі болды. 2016 жылдың 2 сәуірінде АҚШ астанасында IV Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит өз жұмысын бастады. 50 мемлекет басшысы қатысқан алқалы жиында Қазақстан Президенті атом өндірісінің болашағы жайында нақты шешімдерін ортаға салды. Ядролық қарудан бас тарту мақсатын Мемлекет басшысы Жапонияға барған сапарында да жалғастырды. Толығырақ бүгігі шығарылымда.