Шортандыдағы жарылыстан зардап шеккен 12 жастағы бала көз жұмды

Шортанды кентінде газ баллоны жарылысынан зардап шеккен 12 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салайық, бүлдіршін елордалық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Ол бірден реанимация бөліміне жатқызылды. Алайда баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Дәрігерлер зардап шеккен тағы үш баланың біреуі ауыр халде жатқанын айтады.