Қазақстандықтарды жаңбырлы демалыс күтіп тұр

Қазгидромет алдағы екі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Солтүстік-батыс және Оңтүстік циклондарының бірігуі арқасында республиканың барлық аумағында дерлік ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр жауады, 11-12 маусымда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында ауа температурасы күндіз 22-30-дан 17-26-ға дейін төмендейді, оңтүстік-батысында 25-35-ке дейін жылынады, солтүстігінде 20-28-ден 25-30-ға дейін ауытқиды, шығысында 28-37-ден 24-33-ке дейін төмендейді, орталығында 22-30-дан 27-32-ге дейін көтеріледі, оңтүстігінде 35 жылу болжанады, ал оңтүстік өңірлерінде 25-35-тен 20-30-ға дейін төмендейді» делінген хабарламада.

Сондай-ақ...