Enactus: жас стартапшылар жарысты

«Энактус Қазақстан Нэшнл Экспо» чемпионы болу үшін еліміздің жас стартапшылары өзара мықтылық байқасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біріншілікке 100-ден астам команда қатысты. Студенттер мен оқушылар әлеуметтік, экологиялық және экономикалық жобаларын қорғады. Қазылар алқасының құрамында білім және бизнес саласының мамандары бар. «Энактус» жарысы бір сәтте 35 елде өтті. Жеңімпаздар Пуэрто-Рикода өтетін ақтық сынға жолдама алады.