Елде «Қолайлы мектеп» жобасы қолға алынады

Мектептердің жабдықталуы жіті тексеріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

2023 жылдан бастап салынатын мектептер енді мемлекеттік стандарттарға сай болуы керек. Егер робототехника, физика, химия пәндік кабинеттері қажет болса, онда мектепті соған сай жабдықтау керек. Қазіргі салынып жатқан мектептердің толық жабдықталмағаны кейін анықталып жататыны белгілі. Осы орайда елде «Қолайлы мектеп» жобасы қолға алынады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Жоба аясында құрылыс материалдарының сапасын бақылап, бастауыш пен жоғары сынып оқушыларын блоктарға бөлу мәселесі де қарастырылады.