Елордада Бөкейхан көшесінің учаскесі бірнеше айға жабылады

Әлихан Бөкейхан көшесі бойындағы 23-көшеден (Helios ЖҚС) Бұқар жырау көшесіне дейінгі учаскедегі қозғалыс осы жылдың 29 сәуірі мен 1 тамызы аралығында автокөлік қозғалысы үшін толығымен жабылады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Аталған учаскеде жөндеу жұмыстары басталады. Жоба аясында инженерлік желілер абаттандырылып, жол төсемі асфальтталады, сол сияқты іргелес аумағы абаттандырылады.

Бұған дейін Елордада Ташкент көшесі уақытша жабылатынын хабарлаған болатынбыз.