Алдағы үш тәулікке ауа райы болжамы

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады.

Синоптиктердің болжауынша, Солтүстік-батыс антициклоны республиканың батыс, солтүстік-батыс аймағына әсер етеді. Сондықтан алдағы тәулікте мұнда негізінен құрғақ және шуақты ауа райы күтіледі.

Ауа температурасы батыста +30,+38°С-ге дейін жетеді. Елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік бөлігіне керісінше жауын-шашын әкелетін атмосфералық фронттар әсер етеді. Солтүстікте ауа температурасы +20 +28°С болады. Солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр жауады дейді мамандар. Қатты жел тұрып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстағы температура +23 +35°С шамасында. Ал таулы аудандарда +13 +20°С градус деп болжайды синоптиктер.

Сондай-ақ...