ҚР ИИДМ: Халықтың 84%-і көмірмен қамтылды

Қазақстанда көмір тапшылығы жоқ. Қатты отын саудасы тұрақталды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осылай деп хабарлады.

Көмір тапшылығы жоқ. Барлық жерде көмір қажетті көлемде жинақталған. Қазір қатты отын саудасы тұрақталды. Бұл туралы еліміздің Қара металлургия және көмір өнеркәсібі комитеті хабарлады. Комитет басшысы Саясат Исатовтың айтуынша, соңғы үш айда сұраныс күрт артқанда тасымал кезінде біраз қиыншылық болғаны рас. Дегенмен қазір жағдай тұрақты. Жалпы ведомство ақпаратына сай, қазір әлеуметтік нысандардың 96%-і, ал халықтың 84%-і қатты отынмен қамтылған.

Саят Исатов, ҚР ИИДМ Қара металлургия және көмір өнеркәсібі комитетінің бас сарапшысы:

– Көмір жоқ деп айтуға болмайды. Көмір болды. Көмір вагоннан түсіре сала сатылып кетіп жатты. Нұр-Сұлтан қаласында сондай жағдайлар болды. Қазірігі кезде бәрі тұрақталды. Өйткені көмірөндіруші кәсіпорындар халыққа өздерінің көмір жөнелтілімдерін ұлғайтты.

Тау-кен металлургия кешені Қазақстан экономикасының жетекші бағыттарының бірі. Оның Жалпы ішкі өнімдегі үлесі 8,2%-ке жуықтайды. Ал экспорттың 24% осы саланың еншісінде.

Саят Исатов, ҚР ИИДМ Қара металлургия және көмір өнеркәсібі комитетінің бас сарапшысы:

– Біз жалпы көлемнен 25-29% экспортқа жөнелтеміз. Ол экспорттан көп бөлігі, шамамен 70-80% Ресейге жібереміз. Ресейге жіберетін көмір ол өзіміздің Екібастұз таскөмір бассейнінен жөнелтіледі. Рсейден бөлек, көршілес елдерге өзіміздің Өзбекстан, Қырғызстан, сондай-ақ Беларусь, Украинаға да жөнелтіп жатырмыз. Бірақ министрліктің басым бағыты – ол өзіміздің ішкі нарықты қамтамасыз ету.

 

САУД АРАБИЯСЫ КӨМІРТЕКТІ БЕЙТАРАП  БАҒЫТЫНА КӨШПЕК

Сауд Арабиясы 2060 жылға қарай көміртекті бейтарап елдердің қатарына көшпек. Әлемдегі ең ірі мұнай өндірушілердің бірі осы уақытқа дейін парниктік газдардың атмосфераға шығарылуын нөлге дейін төмендетуге ниетті. Бұл туралы Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Сальман мәлімдеді. Мемлекет энергия балансын өзгертіп, жаңарғыртылатын энергия көздеріне, оның ішінде сутегіне инвестиция тартпақ. Энергияны өндіру және пайдалану тиімділігін арттыру үшін Сауд Арабиясы 180 миллиард доллардан астам қаражы бөлмек. Ал Saudi Aramco мемлекеттік мұнай компаниясы ауаға көміртегі бөлінуін 2050 жылға қарай нөлдік деңгейге қол жеткізбек.

Әлемде криптовалюталарды пайдаланушылар саны 300 миллионнан асты. Ең үлкен өсім Үндістанда. Қазіргі уақытта онда 100 миллионнан астам цифрлық валюта қолданушысы бар. Бұл ел халқының 7,3%-і. Ал АҚШ-та 27,4 миллион криптовалюта пайдаланушысы тіркелген. Ресейде 17,3 миллион, Нигерия 13 миллион, Бразилия 10 млн адам криптовалютаны сатып алған. Ал Қақазстанда цифрлық валютаны 324 мыңнан астам адам пайдаланады. Криптовалюта саусымен айналысатын халықаралық компанияның зерттеуіне сәйкес, 18 мыңнан астам кәсіпорын қазірдің өзінде криптовалюта төлемдерін қабылдайды.

РЕСЕЙ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІ ӨҢІРІН ГАЗДАНДЫРУҒА ҚАТЫСУЫ МҮМКІН

Ресей Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарын газдандыруда газ жеткізуге қатысуы мүмкін. Еліміздің Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресейдің вице-премьері Александр Новакпен кездесуінде осындай ұсыныс жасады. Өз кезегінде А.Новак Ресей үкіметі осы мәселе бойынша келіссөздер бастауға дайын екендігін айтты. Сонымен қатар көрші елмен бірге, сұйытылған табиғи газдың жанармай құю станциялары желісін құру бойынша инвестициялық жоба болуы мүмкін. Ол Ресейден Қытай халық республикасына дейінгі транзиттік бағыт бойында орналасады деп жоспарланған. Бұл Қазақстанның көлік хабы ретінде логистикалық тартымдылығын арттырады. Бұдан бөлік Ресей бізге дизель жеткізуді жалғастыруы ықтимал. Біз үшін бұл жақсы жаңалық, дейді кейбір сарашылар. Өйткені ол тапшылық салдарынан көтеріліп кеткен сұйық отын бағасын біршама төмендетуге мүмкіндік береді.