Ресейдің мұнайына сұраныс артты

2023 жылы атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі өзгереді.

Құзырлы министрлік тиісті жобаны әзірледі. Құжат ашық нормативтік-құқықтық актілер порталына жүктелген. Көпшілік ұсыныстармен 25 қарашаға дейін таныса алады.

Еске салайын, атаулы әлеуметтік көмек отбасының әр мүшесіне шаққанда табыс көрсеткіші ең төменгі күнкөріс деңгейінен 70 процентке аз болған жағдайда тағайындалады. 

Әлеуметтік салаға басымдық беріледі

1-ден 6 жасқа дейінгі атаулы әлеуметтік көмек алатын әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем белгіленеді. 2023 жылы оның үлесі 5175 теңге болмақ. Қаржылай қолдау үкіметтің қаулысында көрсетілген азық-түлік пен тұрмыстық химия топтамасына арнайы бөлінбек. Ал жәрдемге өтініш беру проактивті форматта ұйымдастырылады. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібіне енгізілетін өзгерістердің бір парасы осындай.

Қыркүйекке дейін елде 130 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. 1 жастан 6 жасқа дейінгі 178 мың 400 балаға азық-түлік пен тұрмыстық химия жиынтығы табысталды. Мамандар келесі жылы әлеуметтік салаға басымдық берілетінін айтады. Бұл үшін республикалық бюджеттен 10 трлн теңге қарастырылды.

Атаулы әлеуметтік көмек

2022 9 айында

130 мың отбасы     178 мың 400 бала

Ет экспорты 3 есе өсті 

Желтоқсанда елімізде квота шеңберінде тірі мал экспорты басталады. Ведомствоаралық комиссия шешімі бойынша 60 мың бас ірі қара және 120 мың ұсақ малды шет ел асыруға болады. Бір жылда ет экспорты 3,5 есе өсті. Қазір Қазақстан Орталық Азиядағы негізгі жеткізуші. Ал әлемде ет тапшы. Сондықтан мамандар экспортқа шектеу қоймауды, тіпті географияны кеңейтуді сұрайды. Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Жеңіс Өсербайдың айтуынша, саланы дамытуға мүмкіндік мол. Жайлы жайылымдар, құнарлы алқаптар, ең бастысы, үлкен тәжірибе мен білікті мамандар жеткілікті. Сол себепті экспортты арттыруға кедергі жоқ. Вице-министр ірі қара малдың етіне Азиядан бөлек, таяу Шығыста да сұраныс барын айтты. Салада инвестиция құюға ниеттілер де көбейген. Былтыр соның арқасында жалпы құны 200 млн доллар болатын 30 жоба жүзеге асты. Асыл тұқымды мал басы 13 пайызға дейін өсті. Қазір елде 550 мыңға жуық ақбас сиыр бар. 

Жеңіс Өсербай, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Алдағы 2 - 2,5 аптада квота жұмыс істей бастайды. Бұл шектеулер мен тыйымдар бойынша уақытша шара. Ал ет экспортына ешқандай шектеулер жоқ. Егер 2021 жылмен салыстырсақ, көрсеткіш 3,5 есе өсті. Демек, шикізатты ғана емес, қайта өңделген өнімді де экспорттауда шектеулердің өз артықшылығы бар. 

Ресейлік мұнайға сұраныс артты 

Қытай ресейлік мұнай мен газ импортын арттырды. Он айдағы көрсеткіш 32%-ке өсіп, 4,98 млн тоннаға жеткен. Ақшаға шаққанда өсім 157%, яғни 5,3 млрд доллардан асты. Бұл туралы жергілікті бас кедендік басқарма хабарлады. Десе де, негізгі экспорттаушы Австралия. Олар сұйытылған газдың 18 млн тоннасын жеткізген. Тізімді Қатар мен Малайзия жалғайды.