Асқар Мамин: Жаңа экономиканың негізін қалауға мүмкіндік туады

Биыл еліміз Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан ұсынған бағдарлама қазіргі кездегі сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктерді ескере отырып жасалған. Еуразиялық үкімет аралық кеңестің отырысына қатысқан Үкімет басшысы Асқар Мамин осылай деді. Басқосуға Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь премьер-министрі Роман Головченко және одақққа мүше өзге де мемлекеттерден өкілдер қатысты. Жиында одақтың шарттық-құқықтық базасын нығайтуға бағытталған бірқатар мәселе қаралды. Асқар Мамин өнеркәсіптік кооперацияға серпін беру, өзара саудадағы кедергілерді жою мен трансшекаралық және логистикалық хабтардың әлеуетін толыққанды пайдалануға басымдық берілетінін жеткізді. Жалпы арнайы комиссия Қазақстанның 87 бастамасын бекіткен. Оның 57-і биыл өтеді.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– Әлемді жайлаған дағдарысты ескере отырып жасалған трендтер ұзақ мерзімге арналған. Олар жаһандық нарықтағы жағдайды барынша жақсартуы тиіс. Осылайша, жаңа экономиканың негізін қалауға мүмкіндік туады.