Еліміздің құрылыс саласына 240 мыңнан астам маман қажет

Елде құрылысшылар тапшы. Салаға 240 мыңнан аса маман керек. Пандемияға дейін де жұмысшы күшінің аздығы байқалған.

Бірақ шеттен келген мигранттар сол олқылықтың орнын толтырып жүрді. Ал қазір шекара жабылған соң құрылысшылар ауадай қажет болып қалды. Ірі компанияларға құрылыстан хабары бар кез келген маман қажет. Оларға мейлінше жоғары жалақы төлеуге тырысады. Қазір бұл салада жүргендердің орташа айлық табысы жарты миллион теңгеге жеткен. Сорақысы сол әлгі құрылыс компаниялары материалдарға және жұмысшыларға кеткен шығынды баспана бағасын көтеру арқылы өндіріп алуды көздейді. Бұл дегеніміз елде үй бағасы арзандамайды, керісінше әлі де көтерілуі мүмкін екенін аңғартады.     

Талғат Ерғалиев, Қазақстан Құрылысшылары одағының төрағасы:

- Құрылысшылардың қазіргі орташа жалақысы қанша?

- Орташа 400-500 арасында. 400-500 мың алады?

- Иә. Олар аса көп сұрап отырған жоқ. Қазіргі уақытта ең маңызды мәселе -  адам жетпей жатқаннан кейін құрылыс мекемелері бір-бірімен таласып жатыр. Олар таласқаннан кейін шаршы метрдің бағасына әсер етеді. Бағаны көтеруге ұмтылады.