Екібастұзда ферроқорытпа зауыты салынады

Өндірісте жылына 240 мың тонна өнім шығарылады. Құрылыс барысында өңірдегі 1500-ден астам тұрғын еңбекпен қамтылып, аяқталған соң тұрақты 800 жұмыс орны ашылады.

Ферроқорытпа әлемнің 52 мемлекетіне экспортталады. Жуырда бұл өңірге іссапармен барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев моноқаланы дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берген еді. Соның бірі инвестициялық жобаларды көптеп жүзеге асыру. Зауыт 2023 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Ферросилицийді келешекте Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Америка нарығына шығару көзделген. Қазірдің өзінде бірқатар келісімдерге қол қойылды.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

- Мұндай зауыт өңірімізде жоқ. Ел бойынша тек Қарағандыда бар. Жоба облыс үшін де, еліміз үшін де әлеуметтік-экономикалық жағынан маңызды. 1500 уақытша және 800 тұрақты жұмыс орыны ашылады.