Электр энергиясын көп тұтынатын жерлерге майнинг компанияларын жолатпау керек – Депутат

Елдегі майнингтік компанияларды бақылау керек. Мәжіліс депутаты Ержан Құдайберген үкіметтегілерге осындай талап қойды.

Депутат әлгіндей компаниялардың жиілігін және олардың нақты қайда орналасқанын тұрақты түрде назарда ұстау қажеттігін айтты. Соңғы уақытта елде энергия тұтыну көлемі 7 процентке өскен. Мұны депутат майнингтік компаниялардың көбеюімен байланыстырып отыр. Сондай-ақ оларды өңірлерге жайғастыру кезінде энергетика министрлігі қателікке жол берді дейді. Онсыз да электр энергиясын жиі тұтынатын жерлерге майнингтік компанияларды жолатпау керек еді. Соның кесірінен кеше оңтүстік өңірлерде бір мезетте жарық сөніп қалды деп сөзін түйді, мәжіліс депутаты.