Қазақстандық тауарлар Израильге экспортталуда

Петах-Тиква қаласының ең танымал супермаркетінде жаңа стенд пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда Қазақстанда өндірілген кәмпиттердің дәмін татып, оны сатып алуға болады. Қазақстандық өндірушілер Израиль нарығына шығып, бәсекелестерін ығыстыра бастады.

Михаил Гольдштейн, импортер компаниясының өкілі:

Өнім сапасы жоғары. Онда химиялық заттардың үлесі өте аз. Сондықтан өнім керемет. Ол посткеңестік елдердің өзге өндірушілерімен бәсекеге төзе ала ма, нарық көрсетеді.

Қазір Израиль компаниялары макарон өнімдері мен балық жеткізу бойынша қазақстандық өндірушілермен келіссөздер өткізіп жатыр. Израиль нарығында бәсеке жоғары, бірақ маңыздысы  өнім сапасы. Ал бұл жағынан отандық кәсіпорындар барын салуда. 

Сатыбалды Бұршақов, Қазақстанның Израильдегі елшісі:

Нұр-Сұлтан қаласында сауда-экономикалық ынтымақсатық бойынша үкіметаралық комиссияның мәжілісін өткізу жоспарда бар. Қазір Израиль және Қазақстан арасындағы экспорт-импорт үлесін талдап жатырмыз. Сондай ақ қос елдің кәсіпкерлері үшін бизнес форум өткізу көзделуде.

Тәтті өнімдер үлкен істің бастамасы. Осы ретте күрделі логисткалық мәселелерді шешу керек. Өйткені екі ел арасы алыс және бір бөлігін теңізбен жеткізу қажет. 

Авторы: Сергей Ауслендер