30 жыл бойы елде полиомиелит, ал 2009 жылдан бері дифтерия жағдайы тіркелген жоқ. Еліміз иммундау жүйесін нығайтуда айтарлықтай прогресс көрсетіп отыр.
Жетімдерге берілген пәтерлерде бөтен адамдар тұрып жатыр. Ата-анасыз қалған балаларды баспанамен қамту ісіндегі шикілікті сенатор Андрей Лукин ашық айтты.
Қазақ жерінің 76%-ы шөлейттенуге бейім. Еліміз мұхитпен шектеспегендіктен ылғал аз, булану көп. Бұл туралы бүгін екінші күн қатарынан өтіп жатқан өңірлік экологиялық саммитте айтылды.
Мемлекеттік тілдің тек кәсіби салада емес, күнделікті қарым-қатынаста да артықшылығы көп. Қазақ тілін білудің нақты пайдасын Павлодардағы жедел жәрдем фельдшері өмірлік тәжірибесінде дәлелдеді.
Әскери борышын өтегендер тегін кәсіби білім алады. Астанада запасқа шыққан жауынгерлерге жоғары оқу орындарының білім гранты салтанатты түрде табысталды.
Ормуз бұғазын миналардан тазартуға кемінде жарты жыл уақыт керек. Бұл туралы АҚШ-тың Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған «Уашингтон Пост» басылымы хабарлады.
Әр сарбаз кемінде бес кітап оқуға міндетті. Бұл бастама Қарулы Күштер сапындағы қызметкерлер арасында оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында қолға алынды.
Ұлытау Қостанайға шығар тұсындағы жолын реттейді. Көрші өңірдің шекарасын жалғайтын учаскенің ұзындығы 110 шақырым. Қазір соның 20 шақырымына асфальт төселді.
Дәл қазір отырыстардың алды басталды. Бүгін Орталық Азиядағы климат өзгерісін ғылыми тұрғыда бағалау, экологиялық ынтымақтастық платформасы, Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері қаралады.