Павлодар облысында жыл басынан бері 398 адам қызылша жұқтырды. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда төрт есе көп. Ауруға шалдыққандардың дені - 14 жасқа дейінгі балалар.
Елде энергетикалық инфрақұрылымның киберқорғанысы күшейеді. Алматыда отын-энергетика кешені нысандарының технологиялық жүйелерін қорғауға арналған кибероқулар өтіп жатыр.
Астанада нөсер жауын жауып, қала көшелерін су басты. Кей жолдарда жиналған жаңбыр суына көліктер батып қалған. Қазір елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысында волонтерлік қозғалыс 10 мыңнан аса адамның басын қосты. Қазір өңірде 50-ден аса волонтерлік және қайырымдылық ұйымы жұмыс істейді.
Қазақстанда бір миллионнан астам адам цифрлық платформалар арқылы табыс тауып жүр. Олардың 540 мыңнан астамы міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарын төлейді.
Мәйіттік донорлар саны соңғы жылдары төрт есе артып, мультиағзалық донорлық үрдіс үш есе өскен. Дей тұрғанмен транспланталогия саласына енжарлық танытушы азаматтар қатары да аз емес,…
Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар нақты нәтиже бере бастады. Бұл жайында бүгін Премьер-министрдің орынбасары-Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.
Елордадан Семейге қатынау жеңілдейді. VIETJET QAZAQSTAN әуе компаниясы Астана–Семей–Астана бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосады, деп хабарлайды «24KZ». Жаңа бағыт бойынша алғашқы ұшу 2026 жылғы…
Қазақстанда битум өндірісінің көлемі артты. Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр Олжас Бектеновке битум зауытының жұмыс барысы таныстырылды.
Әлеуметтік желілерде Астанадағы жеңіл рельсті LRT желісінің «Сығанақ» станциясында төбеден су аққаны түсірілген видео тарады. Желі қолданушылары бұл жағдайды жақында жауған жаңбырмен байланыстырған еді. Тұрғындар…
Қазақстанда несие бойынша теңтөлеуші болуға келіскен азаматтар негізгі қарыз алушы төлемді тоқтатқан жағдайда, бүкіл берешекті өз мойнына алуға мәжбүр болады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту…
Маңғыстау облысында алимент бойынша 95 млн теңгеден астам берешек өндіріп алынды. Соның арқасында 395 баланың құқығы қорғалды. Бірінші жартыжылдықта алимент төлеуден жалтарған 133 борышкер жауапкершілікке…