386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркиядағы үйдің құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалды

  • 491
  • UPD: 10:22, 07.02.2019
Түркиядағы үйдің құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Түркияның Ыстамбұл қаласында 8 қабатты үй құлап, салдарынан 3 кісі қаза тапты. Бұл туралы осы елдегі меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат хабарлайды. Жергілікті әкімшіліктің соңғы ақпаратына сәйкес, ғимаратта 14 үйде 43 адам өмір сүрген. Құтқарушылар  12 кісіні аман алып шықты. Ал үйінділер астында қанша адамның бар екені әзірге белгісіз. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, көршілес 7 үй тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Ал соңғы ақпаратқа қарағанда кей ғимараттың қабырғасы шытынай бастап, құтқару жұмыстары біраз уақытқа тоқтатылып, қайта жалғасқан. Сондай-ақ құлаған үйге жақын орналасқан бірқатар үйдің соңғы қабаттары заңсыз салынғаны анықталып отыр.

Али Иерликайа, Ыстамбұл қаласының губернаторы:

- Үйінді астында қалғандарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Әкімшілігіміз 1992 жылы 5 қабаттың құрылысына рұқсат берген. Өкінішке орай, кейіннен 3 қабат тіркеусіз қосылыпты. 1 қабаттағы текстиль шеберханасының да бейресми жұмыс жасағанын анықтадық. Қазірше тұрғын үйдің не себепті құлағаны белгісіз. Алдағы уақытта барлық ақпаратты беретін боламыз.

Бинали Йылдырым, Түркия Ұлы ұлттық мәжілісі төрағасы:

- 6 азаматымыз құтқарылды. Тағы 4-еуімен байланыс орнатылды. Оларды бірнеше сағаттың ішінде шығару үшін құтқару топтарымыз жұмыс жүргізіп отыр. Құлаған тұрғын үйдің қасындағы ғимараттардағы азаматтарды да қауіпсіз аймаққа көшірдік.

Хабар 24 телеарнасы