425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Б.Джонсон: Карантин індетті жеңіп шығуға мүмкіндік береді

  • 83
  • UPD: 10:57, 06.11.2020

«Ұлыбританияда 4 аптаға енгізілген карантин індетті жеңіп шығуға мүмкіндік туғызады». Бұл туралы премьер-министр Борис Джонсон мәлім етті.

Үкімет басшысы бір айға созылатын шектеу шаралары коронавирустың таралуына тосқауыл қоятынына сенімді. Нәтижесінде корольдік халқы рождествоға дейін қалыпты өмірге қайта оралады дейді. Еске сала кетейік, Ұлыбританияда карантин қайта қалпына келтірілген. Жаңа тәртіпке сәйкес елде дүкендер жабылып, адамдардың жүріп-тұруы шектелген. Мейрамханалар мен дәмханалар тамақты тек жеткізіп беру жүйесі бойынша жұмыс істейді. Ал ресми дерекке сүйенсек, Ұлыбританияда вирусты жұқтырғандар саны 1 миллионнан асқан.

Хабар 24 телеарнасы