Малиде үйлену тойының қатысушылары әуе шабуылының құрбаны болды

Малидің орталығында белгісіз ұшақ жасаған шабуылдан 20 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Бұл туралы жергілікті A Bamaco басылымы хабарлады.

Оқиға Дуэнца қаласының маңындағы Бунти елді мекенінде үйлену тойы кезінде болған. Жиырма адам жарақат алды.