Бразилияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 200 мыңнан асты

Ал вирусты жұқтырғандар қарасы 8 миллионға жуықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы бір тәулікте 87 мыңнан аса тұрғыннан вирус анықталып, кеселден 1 жарым мың науқас көз жұмған. Елдің Денсаулық сақтау министрі халықты жаппай вакциналауды осы айда бастап кетуге дайын екенін мәлімдеді. Сан-Паулу штатының билігі болса қытайдың «Синовак» компаниясы вакцинасының тиімділігі 78 процентті құрағанын хабарлады.

Жоау Дориа, Сан-Паулу штатының губернаторы:

– Бүгін Сан-Паулу билігі Халықтың денсаулығын қадағалау агенттігіне «Синовак» компаниясының вакцинасын шұғыл түрде қолдануға рұқсат беру туралы өтініш жолдады. Халықты вирусқа қарсы егу шарасын қаңтардың 25-сінен бастасақ па деген ойдамыз. Бұл – қазір Бразилиядағы індетке қарсы қолдануға дайын жалғыз вакцина. Қытайда 700 мыңнан аса адам егілген. Сондықтан ол әлемдегі ең қауіпсіз екпе деп ойлаймын.

Сондай-ақ...