Иорданияда Қытай вакцинасын қолдануға рұқсат етілді

Иорданияда Қытайдың «Синофарм» компаниясының вакцинасын шұғыл жағдайда қолдануға рұқсат етілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шешімді осы елдің Азық-түлік пен дәрі-дәрмекті бақылау басқармасы қабылдады. Иорданияға қытайлық бірлестіктің алғашқы партиясы да жеткізілген. Екпе жұмыстары алдағы сәрсенбі күні басталуы мүмкін. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, алдымен дәрігерлер мен халықтың вирусқа ең осал тобы егілмек.

Айта кетейік, Иорданияда бұған дейін Pfizer мен BionTech екпесін қолдануға рұқсат берілген. Қос компаниядан 1 миллион доза вакцина алу туралы келісім бар. Жалпы Иорданияда індет басталғалы вирусты 300 мыңнан аса адам жұқтырып алған.