Илон Маск Forbes рейтингінде екінші орынға түсті

SpaceX пен Tesla компанияларының басшысы Илон Маск енді Forbes рейтингі бойынша әлемдегі ең бай адам емес.

Дегенмен ол Bloomberg Billionaires Index рейтингі бойынша планетамыздағы ең бай адамдар тізімінде көш басында келеді.

Forbes Real-Time мәліметтеріне сәйкес Масктың дәулеті бір күнде 13,5 миллиардқа азайып, 176,2 млрд долларды құрады. Ол ең бай адамдар тізімінде екінші орынға түсіп қалды. Ал Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос 182,1 млрд доллар байлығымен бірінші орында тұр.

Айта кетсек, Tesla акциялары бірден 7,8 процентке арзандап, 811,19 долларды құрады.

Бұған дейін Илон Масктың әлемдегі ең бай адам болғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ...