Бразилияда коронавируске қатысты ахуал нашарлады

Бразилияда коронавирусты жұқтырғандар саны артып, кей өңірде жағдай нашарлады.

Мысалы, Амазон штатының Манаус қаласындағы ауруханаларда науқастарға қажетті оттегі жетіспей жатыр. Оған сұраныс 3 есе артып, жергілікті өндірушілер емдеу орталықтарын қажетті мөлшерде қамтамасыз ете алмай қалды. Науқастар өзге аймақтарға жіберіліп жатыр. Орталықтан әскерилер шұғыл түрде оттегі жеткізуді бастады. Бірақ халық жергілікті емдеу орталықтарының індетпен күреске дайын болмай шыққанына наразы. 

Мэйлин Да Мата , жергілікті тұрғын:

- Менің әжем ауруханада оттегінің жетіспеуінен қайтыс болып кетті. Ол жатқан интенситвті терапия бөлімінде 21 адам болған. 84 жастағы апама 15 келі оттегі жетпей қалды. 

Бразилия әлемде корнавирустан қайтыс болғандар саны бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында. Қазірге дейін бұл мемлекетте 200 мыңнан аса науқас көз жұмған. Олардың саны күн санап өсіп жатыр. Кей аймақта індеттің таралуын тоқтату үшін қатаң шектеулер енгізілген.

Сондай-ақ...